«Құқықтық сауаттылығы-заман талабы»

 «Құқықтық сауаттылығы-заман талабы»

Қарағанды облысы білім басқармасы, Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ 13.02.2023-17.02.2023 уақыт аралығында «Құқықтық сауаттылық» апталығының  «Құқықтық сауаттылығы-заман талабы»  атты іс-шаралардың жоспары өз жұмысын бастады. Құқықтық сауаттылық апталығының мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін дамытып, Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, жауапкершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу болып табылады.

            Жоспар бойынша мектебіміздің тарих пәні мұғалімі педагог-сарапшы Шолакова Лаззат Бодыковнаның ұйымдастыруымен «Бала құқықтарын білу» ойыны» 6 «Б»-мен 7 «Б» сыныптар арасында конкурс өткізді. Конкурстың мақсаты: Құқықтық білімге қызығушылығын қалыптастыру.

Сайыс 4 турдан тұрды.

 

1- турда оқушылар  «Ия» немесе  «Жоқ» әдісі арқылы сұрақтарға жауап берді. 

2- турда оқушылар бала қатысты сөздерден анаграмма шешті.

  3-турда Ертегілер кейіпкерлерін атау қажет, қай жерде заң бұзылғанын табады. 

4- турда мемлекеттік мерекелерді аталы күндерімен сәйкестендіру болды.

 

           Сайыс қорытындысы бойынша 6 «Б»-мен 7 «Б» сыныптар арасында алғырлығымен, шапшаңдығымен, көп балл жинаған 7 «Б» сыныбы жеңіске жетті. Сайыс өте тартымды, әрі қызықты өтті. Оқушылар өте жақсы белсенді қатысты.

Дата: 14.02.2023, 12:12 Автор: №24 мектеп-интернаты