Дүниежүзілік Қауіпсіз интернет күні

Дүниежүзілік Қауіпсіз интернет күні

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің  

"№ 24 мектеп-интернаты" КММ- інде ақпан айының 6- шы жұлдызында «Цифрлық әлем» апталығының аясында Дүниежүзілік Қауіпсіз интернет күні тақырыбында 9 «Б» сыныбында сынып сағаты өткізілді. 

Мақсаты:Оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары,  зияны және пайдасы туралы түсінік беру, интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру

 Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, бір-бірін  тыңдай білуге тәрбиелеу;

Сабақ барысында оқушылар сұрақтарға жауап беріп,өз ойларын ашық білдіре алды. Оқушылар жұппен және жеке тапсырмаларды орындады. Компьютерлік ойындармен күрес интернетке тәуелділік жайында тақырыптар қозғалды.

Дата: 10.02.2023, 23:00 Автор: №24 мектеп-интернаты