«Білімді ұрпақ ел болашағы»

«Білімді ұрпақ ел болашағы»

30.01. – 10.02.23  мектебімізде жаратылыстану -математика бірлестігінің онкүндік апталығының жоспары бекітілді. Дүйсенбі күні апталықтың ашылу салтанаты туралы  таңғы жиында айтылды. Апталықтың тақырыбы: «Білімді ұрпақ ел болашағы». Апталықтың мақсаты: Жаратылыстану математика бағытындағы пәндердің сабақтарында оқытудың заманауи әдіс - тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой - өрісі мен таным белсенділіктерін жан - жақты жетілдіру. 

Міндеттері: 

- Оқушылардың нақты ғылымдардың алатын орынын бағалауына, білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуіне жол ашу;

- Әр баланың өз қабілетін білуіне, одан әрі дамуына жағдай туғызу;

- Пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және өзара іс тәжірибелерін тарату. 

Мектебіміздің пән мұғалімдері өздерінің ашық сабақтарын беру арқылы тәжірибе алмасады.

Дата: 6.02.2023, 23:14 Автор: №24 мектеп-интернаты