Ойшылдар және ақылдылар"

Ойшылдар және ақылдылар

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ-інде қаңтар айының 27-ші жұлдызында «Математика айналамызда» математикалық сауаттылық апталығында "Ойшылдар және ақылдылар" тақырыбындағы танымдық ойыны, ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтықтан өткізілді. Ойынды бастауыш сынып мұғалімі Жунусова Айнур Нурымхановна 2-4 сыныптар арасында өткізді.Танымдық ойын мақсаты: оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту.

Ойын барысында оқушылар топқа бөлініп, математикалық жұмбақтар жасырып, сөзжұмбақтар шешіп, қызықты санамақтар айтып, өз білімдерімен сынасты.
Әр тапсырманы орындау барысында , оқушылар ойларын ашып айтып, топта ұйымшылдықпен жұмыс жасау арқылы, өздерін жақсы қырларынан таныта білді. Танымдық ойын арқылы оқушылардың , қызығушылық танытты. Ойын өте қызықты өтті.
#Кожахметова Г.Ш
#Абдикерова Б.К
#Сулейменова Г.О
#Қарағандыоблысыбілім09
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#goroo_balkash

Дата: 6.02.2023, 22:10 Автор: №24 мектеп-интернаты