«Математика айналамызда»

«Математика айналамызда»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің  

"№ 24 мектеп-интернаты" КММ- інде қаңтар айының 23-інші жұлдызында  «Математика айналамызда» тақырыбында математикалық сауаттылық апталығының ашылуына арналған саптық жиын өткізілді. 

Іс-шараның мақсаты:

Математикалық мәдениетті қалыптастыру, математикалық сауаттылықты дамыту, ашық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арқылы мұғалімдер мен оқушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру. 

Саптық жиында оқушылар апталықта өткізілетін барлық іс-шаралармен таныстырылды және сол іс-шараларға белсенді қатысуға шақырылды.

Математикалық сауаттылық апталығы шеңберінде: сынып сағаттары, байқаулар, олимпиадалар, кездесулер,  әңгімелесулер, талқылаулар, математика ғылымының ашылу тарихы туралы фильмдерді көру, танымдық, іскерлік және квест ойындары, суреттер көрмелері, конференциялар өткізілетіні хабарланды.

Дата: 23.01.2023, 14:43 Автор: №24 мектеп-интернаты