жалпы ата - аналар жиналысы

жалпы ата - аналар жиналысы

18 қаңтар күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "24 мектеп-интернаты" КММ-сі Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының төрағалығымен өткен облыстық жалпы ата - аналар жиналысына қатысты. 

Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер төмендегідей. 

Оқушылардың құқықбұзушылық және қылмыстық істеріне ата - аналардың әкімшілік жауапкершілігі туралы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі соты Искакбаев Кенжебай Дарбаевич баяндады.

Екінші мәселе бойынша полиция майоры Омарова Асель Бахытжановна терроризм туралы жалған ақпаратқа берілетін жауапкершілік туралы айтып өтті. Үшінші мәселе бойынша наркотикалық заттардың түрлері және оларды қолдану мен таратудың алдын - алу шаралары туралы полиция полковнигі Бузук Александр Владимирович ақпарат берді. 

Іс - шараға 3 қамқоршылық кеңесінің мүшесі, мектеп медбикесі  және 23 ата - ана қатысты.

Дата: 20.01.2023, 16:02 Автор: №24 мектеп-интернаты