«Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту жолындағы оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдері»

«Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту жолындағы оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдері»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММде 12.01.2023 күні «Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту жолындағы оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдері» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы әдіс-тәсілдерімен бөлісу, жаңаша әдіс-тәсілдердің білім сапасына әсері туралы тәжірибесімен алмасу. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға ықпал ететін жаңа форматтағы жобалар мен бағдарламаларды іске асыру арқылы оқушы бойында бәсекелестік қабілетті дамыту бойынша химия пәнінің мұғалімі Ұлдахан П.Р. және ағылшын тілі мұғалімі Абеуова И.Д. қысқы мектеп аясында өткізілген семинарлардан алған іс-тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылардың өздігінен білім алуы және өзін-өзі жетілдіруін ұйымдастыру арқылы өзіндік білім алу траекториясын құру бойынша жаһандық құзіреттілік курысы аясында жүргізілетін факультатив сабақтардың жүгізілу іс-тәжірибесімен Шолакова Л.Б. бөлісті.Мектеп оқушыларының І жарты жылдық қорытындысы бойынша білім сапасының анализіне талдау жасалына отырып ,сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі , білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- тағамы бар адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екеніне баса назар аударылды.

Дата: 13.01.2023, 16:40 Автор: №24 мектеп-интернаты