Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ -де «Өнерімді еліме арнаймын» атты «Өнегелі өмір» жобасы аясында ҚР Ақпарат саласының үздігі, Қазақстанның Құрметті журналисі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қа

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ -де «Өнерімді еліме арнаймын» атты «Өнегелі өмір» жобасы аясында  ҚР Ақпарат саласының үздігі, Қазақстанның Құрметті журналисі, ҚР  Мәдениет саласының  үздігі, Қа

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ -де «Өнерімді еліме арнаймын» атты «Өнегелі өмір» жобасы аясында  ҚР Ақпарат саласының үздігі, Қазақстанның Құрметті журналисі, ҚР  Мәдениет саласының  үздігі, Қарағанды облысы әкімінің  таңдаулы журналистерге берілетін""Алтын сұңқар"" сыйлығының иегері Оралбек Жүнісұлымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: Оқушыларға Оралбек Жүнісұлы туралы ақпарат бере отырып, шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Жазушының шығармашылығы арқылы халқына, тілге, отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Оралбек Жүнісұлы журналистік еңбек жолын 1974 жылы Ақтоғай аудандық «Арқа еңбеккері» газетінде бастаған. Республикалық «Ауыл» газетінің Қарағанды, Жезқазған облыстарындағы меншікті тілшісі, Приозерный аудандық «Ленин жолы», «Ленинский путь» газеттерінің бөлім меңгерушісі, Балқаш қалалық «Балқаш өңірі», «Сырлас» газеттерінің бас редакторы болып жемісті қызмет атқарған. Балқаш қалалық телестудиясында да еңбек еткенін, жалпы, журналистика саласында 43 жылдан астам үзіліссіз еңбек етіп келе жатқанын айтып өтті. Оқушылар кездесу барысында жазушының өмірі жайлы, осы мамандыққа қалай келгендігі және де қандай кітаптары бар екендігін сұрап ,сұрақтар қойып қызығушылық танытты. Іс - шара соңында оқушылар өздерінің өте жақсы әсер алғанын, журналистика мамандығына деген қызығушылықтарының арта түскен түскендігі туралы айтып кетті.

Дата: 12.03.2022, 9:30 Автор: №24 мектеп-интернаты