"Сіз математикадан жақсысыз ба?

«№24 мектеп-интернаты» КММ жоспарына сәйкес «Зейін» аймақтық жобасы аясында 26.01 күні 7-9 сынып оқушылары YouTube арнасын пайдалану арқылы «Математикадан қаншалықты жақсысың?» онлайн тестілеуден өтті.  "Сіз математикадан жақсысыз ба? Қарапайым математикалық жұмбақтар сіздің миыңызды және логикалық қабілеттеріңізді жақсартудың тамаша тәсілі. Ұсынылған тапсырмалардағы жетіспейтін сандарды таба аласыз ба?" - тестті шешу кезінде осындай сұрақтар көтерілді.

 

 Онлайн тесттің мақсаты – математика пәнін кеңінен насихаттау және оқушылардың логикалық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың есте сақтау қабілеті дамып қана қоймай, ой-өрісі кеңейеді.

Тест сұрақтары 7 - 9 сынып оқушыларына арналған және күрделілігі әртүрлі 10 сұрақты қамтиды. Тест сұрақтарының артықшылығы оның интерактивтілігі, жұмысқа барлық студенттердің тартылуы, көрнекілігі. Жауаптың дұрыстығын бірден тексеруге болады.

Дата: 4.02.2022, 10:35 Автор: №24 мектеп-интернаты