«Есептерді әртүрлі тәсілдермен шығару»

«Есептерді әртүрлі тәсілдермен шығару»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ –да бастауыш сынып мұғалімі, жаңартылған білім мазмұнында өз тәжірибесімен бөлісу мақсатында педагог-зерттеуші Жүнусова А.Н-ның ұйымдастыруымен 2-сыныпта математика пәні бойынша «Есептерді әртүрлі тәсілдермен шығару» тақырыбында қалалық серіктес мектептер арасында ашық сабақ өтті.

Сабақтың мақсаты:

2.1.2.8. Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмдерін қолдану.

2.5.1.1** Екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Сабақтан күтілетін нәтиже:

Ұйымдастыру кезеңі ширату жаттығуымен, сабақ барысы мерекелік көңілмен,құндылыққа байланысты Қазақстан Тәуелсіздігінің 30жылдығымен байланыстыра жүргізіліп, «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы басталды.

Сынып «Шашу -шашу» тәсілімен топқа бөлінді.

Әр топ атауларын сөйлету мақсатында, әріптерге байланысты, формула құрап, ережесін постер құру арқылы қорғады.

Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмдерін қолдану мақсатында «Бинго» ойыны өте қызықты өтті. «Пазл құрастыру» әдісі арқылы сабақ мақсаты ашылды. Жаңа сабақ кезеңі «Құпия жәшік» әдісі арқылы,саннан қосындыны әртүрлі тәсілмен азайтуға болатындығын тақтада формуласын құру арқылы түсіндірілді. Сергіту сәті көңілді, қимыл-қозғалыспен өтті.

«Орындап көр!» әдісі топпен есеп шығару барысында тиімді қолданылды. Есеп шартын құрып, әртүрлі әдістермен шығарып қорғады.Әр дұрыс орындалған тапсырмада оқушылар қалауы бойынша тілек айтып отырды.

Математикалық сауаттылыққа арналған «Эратосфен» торы әдісінде оқушылар бір таңбалы сандарды өздеріне ұнаған түспен бояп, 16 санын шығарып,от шашу жасады.

Кері байланыс кезеңінде өткен сабақ бойынша формулаларды айтып , «Білім шкаласы» әдісі арқылы 2-3 оқушының өзін-өзі бағалауы бойынша сөйледі.

Сабаққа қатысқан Балқаш қалалық №2, №3 мектеп интернаттары мен №7 мектеп-гимназиясының ұстаздары қатысты. Сабақ соңында кері байланыс болды. Сабақ жоғары дәрежеде өтті.

Дата: 29.11.2021, 11:25 Автор: №24 мектеп-интернаты