Размер шрифта:

«Мен және менің құқықтарым»

«Мен және менің құқықтарым»

Қарағанды облысы білім басқармасының   Балқаш қаласы білім бөлімінің  «№ 24 мектеп-интернаты» КММ ақпараты «Мен және менің құқықтарым» танымдық ойын сабағының ақпараты

 

 

               Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп -интернаты» КММ –де 1 маусым –халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты бала –бақытты ел»  және    «Қазақстан балалары –нұрлы болашақ» республикалық акциялар  шеңберінде   «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ» Ұлттық ақпараттық науқаны қарсаңында бастауыш сынып оқушыларымен «Мен және менің құқықтарым» танымдық ойын сабағы өтті.

Мақсаты: Оқушылардың адам құқығы, бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту,өзгенің құқығын бұзбауға үйрету,құқықтық тәрбие беру.

Танымдық ойын сабағы «Өзін-өзі жарнамалау» топтық таныстырылымнан басталды.«Теңдікке апарар жол» кезеңінде оқушылар өз құқықтары туралы білді. «Артық болмас білгенің..» кезеңінде сұрақтарға жауап берді. «Өнерім де құқығым» ақырғы кезеңінде мектептегі оқу –тәрбие үрдісіне үлес қоқан оқушылар марапатталды.Сынып жетекшілер оқушылардың жазғы демалыста жақсы демалуларына тілек білдірді.

Дата: 8.06.2021, 12:34 Автор: Школа-интернат №24