«Сәт сапар, Жас түлек!»

«Сәт сапар, Жас түлек!»

25.05.2021 күні әр күні қызыққа , әр жылы қайталанбас тарихқа толы, соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Жылдағы дәстүр бойынша білімнің ордасы, ұлылықтың мекенінде атап өтетін жиын негізгі мектеп бітірушлері 9 сынып оқушыларына арналды. «Сәт сапар, Жас түлек!» тақырыбында өткен жиын түлектерді көңілді музыка әуенімен қарсы алудан басталды. Қазақстан Республикасының Гимніне құрмет көрсетілді. Жиында құттықтау сөз алған ДОІЖОА.К.Мусина түлектердің жетістіктеріне тоқталып, түлектердің еліміздің болашағы, гүлденуі үшін еңбек ететініне сенім білдірді.9 сынып оқушылары мектепке, ұстаздарға, туған еліне деген сүйіспеншілігін өлең жолдары, «Ұстазым», «Соңғы қоңырау» әндері арқылы жеткізді.Мектеп түлектері тілектерін білдіріп, шарлар ұшырды.

Ұйымдастырушылар: Сынып жетекшілер, мектеп әкімшілігі.

Дата: 1.06.2021, 13:22 Автор: №24 мектеп-интернаты