БҰҰ Бас Ассамблеясы қыздардың құқықтарын мойындау және қазіргі әлемде кездесетін бірегей проблемаларға байланысты 11 қазанды Дүниежүзілік қыздар күні деп жариялады.

БҰҰ Бас Ассамблеясы қыздардың құқықтарын мойындау және қазіргі әлемде кездесетін бірегей проблемаларға байланысты 11 қазанды Дүниежүзілік қыздар күні деп жариялады.

 Осыған орай №24 орта мектебінде қыздардың білім алу, медициналық қызмет алу мүмкіндігі, құқығын іске асыру және қыз балаларға жағымды көңіл – күй сыйлау мақсатында бірқатар іс – шаралар өтті.
Мектеп фойесінде мектептегі қыз балаларға арналған құттықтау стендісі жасалып, ұлдар өздерінің жүрекжарды тілектерін білдірді. Мектеп медбикесі тарапынан қыз балалардың денесінің дамуы, гигиенасы туралы түсінік беру мақсатында «Қыз бала гигиенасы» тақырыбында ақпарат беру сағаты өтті. Ақпарат беру барысында жеке бас гигиена ережесімен таныстыра отырып, тазалық шарттары туралы кеңестер берді.
Сонымен қатар «Коса – девичья краса» атты мектептегі қыз балалардың шаштарының жинақы, мектеп ережесіне сай болуға тәрбиелеп, эстетикалық талғамын дамыту мақсатында бұрымдылар байқауы жарияланды. Байқау талаптарына сай шаш үлгісін көрсеткен қыз балалар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Дата: 15.10.2018, 18:46 Автор: №24 мектеп-интернаты