№ 24 орта мектебінде 6 қазан күні ұстаздарды төл мерекесі ұйымдастырылды

№ 24 орта мектебінде 6 қазан күні ұстаздарды төл мерекесімен құттықтай отырып, жылы лебіздерін жолдау, оқушылардың бойында ұстазға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру және ұстазды құрметтеуге, сыйлауға, қадірлеуге, ұстаз еңбегін бағалай білуге үйрету, дамыту мақсатында ұстаздар қауымына арналған меркелік іс – шара болып өтті. Мерекелік кештің шымылдығын метеп директорының м.а. М.С.Асылбекова мектеп ұжымына, сондай-ақ педагогикалық еңбектің ардагерлеріне өзінің құттықтауын жолдап, қалалық білім бөлімі, мектептің кәсіподақ ұйымы атынан берілген алғыс хат, құрмет грамоталарын табыстады. Сонымен қатар оқушылар сүйікті ұстаздарына арнап дайындаған тақпақ, өлеңдерін оқып, әндерін айтып, күй тартып, би билеп өнерлерін ортаға салды. Бұрынғы мектеп бітіріп кеткен түлектердің мұғалімдеріне, ардагер ұстаздарға арнап жіберген бейне құттықтаулары көрсетілді. Мерккелік іс – шара эмоционалды көтеріңкі көңіл – күймен өтіп, кеш соңында ұстаздар мен педагогикалық еңбек ардагерлері осындай мерекелік көңіл – күй сыйлағаны үшін оқушыларға өздерінің алғыстарын білдірді.

Дата: 15.10.2018, 18:33 Автор: №24 мектеп-интернаты