№24 орта мектебінде «Бір әлем, бір үй, бір жүрек» Ұлттық бағдарламасы аясында әр түрлі іс – шаралар өтті.

 Ең алдымен осы тақырып аясында мектеп фойесінде ақпараттық стенд жасалып, мектеп медбикесінің жетекшілігімен оқушыларға ақпарат беріліп өтті. «Айбөбек» шағын – дамыту орталығында «Қарбоз ағай туралы ертегі» желісімен балаларға фаст – фудтардың денсаулыққа қаншалықты зиян екені айтылып, ондай заттардың барынша аулақ болуға, жеміс – жидектерді көп жеуге кеңестер берілді. 
5-7 сыныптарда мектеп медбикесі «Өз жүрегіңе қамқор бол!» тақырыбында денсаулық сағаттарын өткізіп, жүрек ағзасы туралы жалпы мағлұматтар бере отырып, жүрек ауруына ұшырататын зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Сонымен қатар наркологиялық диспансерге кездесуге барды. Кездесу барысында емхана дәрігерлері оқушыларға жүрек-тамыр жүйесін, тірек-қимыл аппаратын нығайту және инфекциялық емес аурулардың қаупін төмендету үшін жасалатын жаттығулар туралы айтып, тағы да қосымша ақпараттар беріп өтті. 
8-9 сыныптарда «Менің жүрегім, сенің жүрегің» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттары барысында жүрек жұмысына темекі шегуден басқа, күнделікті жейтін, пайдалы немесе пайдасыз тағам қалай әсер ететінін, жаңа піскен жемістер мен көкөністердің рөлі адам жүрегінің жұмысына қаншалықты маңызды екені туралы көрсетіліп өтті.
Сонымен қатар мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне жүрек ауруларының алдын алу және аурулар болған жағдайда асқынуының алдын алу туралы ақпараттар жазылған таратпа қағаздар таратылды. 
9-11 сыныптарда «Темекі - иә немесе жоқ?» тақырыбында темекі мен темекі өнімдерінің адамның жалпы денсаулығына әсерін талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Дата: 9.10.2018, 11:50 Автор: №24 мектеп-интернаты