2023 жылдың 18 қазан күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Балқаш қаласы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ-де балалар әдебиетінің классигі М

2023 жылдың 18 қазан күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Балқаш қаласы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ-де балалар әдебиетінің классигі Мұзафар Әлімбаевтың  шығармашылығына арналған «Мұзафар Әлімбаев – балалар әдебиетінің классигі» тақырыбында облыстық фестиваль өтті. Фестивальға Балқаш қаласы білім беру ұйымдарының, Шашубай кенті, «Зияткер» мамандандырылған мектеп-интернаттарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 
Фестиваль аясында ашық сабақтар, шеберлік сыныптар және сыныптан тыс іс-шаралар өткізіледі. 
Балқаш қаласының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің  қатысуымен өткен тың идеяларға толы, кәсіби өсуге бағытталған тәжірибе алмасу мақсатындағы фестиваль жоғары деңгейде өтті..
Дата: 19.10.2023, 15:23 Автор: №7 МГ