Директордың өмірдерегі

http://www.balkhash.goo.kz/media/img/photohost/5b03b15f9df7f.JPG

Мектеп -гимназия директоры

Манатаева Гулзада Мукатаевна

         Балқаш қаласындағы білім ордасы «Сәкен Сейфуллин атындағы  №7 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сайтына  қош келдіңіздер! Бұл сайттан  мектеп өміріндегі жаңалықтар мен жетістіктер жайлы хабардар бола аласыздар. 

Еңбек жолы

Манатаева Гулзада Мукатаевна (1972 ж. 23.03)

Туған жері: Қарағанды облысы  Шет ауданы Төменгі Қайрақты кенті

Білімі: жоғары, Жезқазған  университеті.

Мамандығы: география және экология пәнінің оқытушысы

Еңбек жолы:

·        1989 жылы Шет ауданы  Төменгі Қайрақты кентінің Қайрақты орта мектебін тәмамдап, аталған  мектепте тәлімгерлік қызмет атқарады.

·    1992 жылы Балқаш қаласындағы педагогикалық училищені үздік аяқтап, Қайрақты орта мектебінде еңбек жолын жалғастырды.

·      2000  жылы Балқаш қаласы №18 орта мектебінде  география пәні мұғалімі болып жұмыс істейді. 

·      2006 жылы  Балқаш қаласының №4 Н.К.Крупская атындағы орта мектепте экология және география пәні мұғалімі болып жұмысын жалғастырды.

·         2009 жылы Балқаш қаласының гимназиясында география пәні мұғалімі болып жұмыс жасады.

.       2010 жылы  Балқаш қалалық  гимназиясында  директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары ретінде ауыстырылды.

.       2014 жылы Балқаш қаласының №4 Н.К.Крупская атындағы орта мектебіне    директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары болып ауысады.

.   2017 жылы Балқаш қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында директорлық  қызметіне ауысты.

Жетістіктері мен марапаттары: 

Отандық білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз ететін тәуелсіз Қазақстанның жаңашыл педагогтарына кәсіби қарым-қатынас, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін  облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі  ғылыми-практикалық конференциялардың тұрақты, белсенді қатысушысы. Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсты аяқтап, сертификат және алғыс хаттармен марапатталған.

Зерттеу жұмыстары: Республикалық ғылыми-әдістемелік баспа беттерінде үнемі тәжірибесімен бөлісіп отырады. 2 халықаралық, 3 облыс деңгейіндегі  ғылыми-әдістемелік конференцияларға қатысып, модератор болып, алғыс хаттармен марапатталған.Қазіргі ақпараттық технологиялардың дамуының білім беру жүйесіндегі ҚР білім және ғылым министрлігі мен Майкрософт Қазақстан арасындағы келісім шеңберінде ҚР жаңашыл мұғалімдерінің  Microsoft  Жазғы мектеп сертификат иесі.