«Талантты ұстаздан – дарынды шәкірт»


«Талантты ұстаздан – дарынды шәкірт»

          С.Сейфуллин атындағы  №7 мектеп-гимназиясының       «Зерде » тобы Жаркент қаласында өткен республикалық  «Дарынды оқушыға- талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиадада  жүлделі  I орынды  қанжығаларына байлады. Бес кезеңнен тұратын байқау барысында 9-10 сынып оқушыларынан құралған аталмыш топтың мүшелері А.Кеңесова,  Б.Жұмадилова,  А.Исақ, І.Жұмабай, Е.Ибраимов  өздерінің жан-жақтылығын көрсете білді.  Әсіресе, Жеңістің  67 жылдығына орай сұрапыл соғыстың адам төзгісіз зардаптарын, атап айтсақ, «Бухенвальд», «Треблинка» концлагеріндегі крематориларды, тұтқынға түскендердің барактағы өмірі мен фашистердің нәрестеге дейінгі қияметін  көрермендерге үнсіз би арқылы жеткізе білді.  Сонымен қатар сайыс мүшелері  байқау бөлімдеріне сай киімдерімен де ерекшелене білді.  Осындай дарынды оқушыларды  білім додасына дайындауда аянбай еңбек етіп жүрген   Шарипова Г.Б. мен  Сатанова  Ш.М.  сынды ұстаздарымызға шәкірт тәрбиелеудегі еңбектері үшін үлкен алғыс білдіреміз. 

Дата: 20.05.2012, 11:04 Автор: №7 МГ