«Биоақпараттандыру және синергетика» - оқытудың жаңа технологиялық үрдісі

Биоақпараттандыру және синергетика» -

оқытудың жаңа технологиялық үрдісі

          16,17 сәуір күндері С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Биоақпараттандыру және синергетика» технологиясы бойынша облыстық семинар өткізілді. 2010-2011 оқу жылының 1-наурызынан бастап,  мектебімізде  оқу және тәрбие жүйесіне аталған технология енгізілген болатын. Жобаның авторы: жаңа технологиялар консультанты, педагогика ғылымдарының кандидаты  Вассерман Федор Яковлевич.

Технологияның мақсаты :

Биологиялық ортадағы ақпараттың алмасу ғылымын синергетиканың  заңдары мен  яғни кибернетикалық өзара іс-әрекет жалпы мақсаттар мен міндеттерді көздейтін жеке сапалық табыстарға бағыттау.

       БжС  технологиясы  бойынша  өткізілетін  облыстық  семинар төмендегідей  бағдарламаға негізделді:

1. Тәрбие жұмысын және министрліктердің жұмыстарын  рәсімдеу (Қазкенова А.Қ.)

 2. «БжС» технологиясы бойынша ашық сабақтар:

Карибжанов Е.Т. тарих пәні бойынша «Ұлы Жібек жолы» тақырыбында , Шарбекова Г.Қ. Ш.Айтматов «Найман -Ана», Cмагулова А.А. Н.Сералиев «Аңсау», Адильбекова А.А. «Үшбұрыштарды шешу.Көпбұрыштар», Балапанова Г.Ж. « Жұмыс.Қуат.Энергия» тарауы бойынша қайталау , Нуржанова А.Г. «Рационал сандарға амалдар қолдану ,  Исабаева А.Т. «Арифметикалық амалдардың қасиеттері».

       Сонымен қатар білім беру технопаркі модулі бойынша мектептер арасындағы сайыс (даму бойынша) өткізіліп,  семинар  концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

      Технологияның бірінші жылғы қорытындысы бойынша мектеп ІІ дәрежелі сертификатпен марапатталды. «Классик» дәрежесімен мектебіміздің 13 мұғаліміне сертификат тапсырылса, «Шебер» сертификатына  3 мұғалім лайық деп танылды. Олар: Карибжанов Е.Т., Адильбекова А.А., Қашқынбаева Н.Ш. Ал «Менеджер» сертификатымен  мынадай оқушылар марапатталды. : Мектеп Президенті Шапибай Ерсайын, мектеп заңгері Ысқақ Айдос, Премьер-министр Кеңес Алуа, Қаржы министрі Исак Ажар, Экология  министрі  Жұмабек Сымбат.

Дата: 25.04.2012, 4:36 Автор: №7 МГ