Білімді мыңды жығар.


Білімді мыңды жығар

        «Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот» деп Н.Байғанин айтқандай, өмірдің сәніне, тіршіліктің шамына айналған білімнің тереңіне бойлай білгендер ғана мыңды жығады. Бүгінде білімге құлаш сермеп, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанып жүрген оқушыларымыз еліміздің ертеңі, тәуелсіздігіміздің тірегі екенін дәлелдеп жүр.Соның бір айғағы наурыздың 25-28 жұлдызында Қарағанды қаласында  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық пән олимпиадасы өтті. Қаламыздың , әрі мектебіміздің намысын қорғаған 11-сынып оқушысы Тлежан Динара жүлделі IV орынды иеленіп, С.Демирел атындағы қазақ-түрік университетінің грантын ұтып алды. Динараны  білім нәрімен сусындатып жүрген  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елеубекова Әлия Зиядақызының   ерен еңбегі ауыз толтырып айтарлықтай.  Шәкіртіне осындай қайырылмас қанат пен алға бастырар талап сыйлап жүрген Әлия Зиядақызына мықты денсаулық пен жемісті еңбек тілейміз. Ал Динараға білімнің биік шыңдарынан көріне беруіне мектеп ұжымы атынан тілектестігімізді білдіреміз.

Дата: 1.04.2012, 17:34 Автор: №7 МГ