Қарағанды облысының білім басқармасы және білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 30 наурызда "Бастауыш мектеп: білім мен ғылымның негізі" тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық форумын ұйымдастырды. Аталған форумға мектебіміздің баст

Қарағанды облысының білім басқармасы және білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 30 наурызда "Бастауыш мектеп: білім мен ғылымның негізі" тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық форумынұйымдастырды. Аталған форумға  мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері  Аханова А.К., Зейнетуллина Т.К. қатысты.

Бастауыш тәрбие мен оқытуды дамыту, бастауыш білім беру педагогтерінің кәсіби және жеке тұлғалық өсуі бағыты бойынша мәселелерді шешу мақсатында ұйымдастырылған форумда бастауыш сынып мұғалімі Зейнетуллина Т.К. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткен Республикалық съезінде  көрген іс- тәжірибесімен «Мұғалім әлеуеті- құзыреттіліктің кепілі» тақырыбында секциялық отырыста баяндамаоқып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Бастауыш тәрбие мен оқытуды дамыту, бастауыш білім беру педагогтарының кәсіби және жеке тұлғалық өсуі, бастауыш білім беру жүйесінің кадрларын даярлау, бастауыш және орта буын сабақтастығы сияқты мәселелер қаралған форумнан жақсы әсер алып, «Зерек» педагогикалық жобасы аясында көрме ұйымдастырып қайтты.

Дата: 31.03.2022, 11:26 Автор: №7 МГ