«Қашықтықтан оқытудағы платформалардың тиімділігі»

2021 жылдың 21 қаңтарында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының облыстық «Бірге оқимыз» жобасының қалалық кезеңінде ZOOM платформасында Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі  Абил Гүлжанат Төлеукадыровна «Қашықтықтан оқытудағы платформалардың тиімділігі» тақырыбында семинар  өткізді.  Семинарда қашықтықтан оқыту кезінде пайдаланатын  Сamtasia studio 8, Indroo, Quzizz, Bandіcam платформаларын  көрсетіп, осы платформалар арқылы жасалған бейнесабақтарының үзіндісін көрсетіп,  тәжірибесімен бөлісті.

Дата: 22.01.2021, 10:36 Автор: №7 МГ