12 қазан күні Сатпаев қаласы С.Сейфуллин атындағы гимназиясымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы барысында Сәкен Сейфуллиннің есімімен аталатын мектептермен, мұражайлармен серіктестік аясында Сатпаев қаласы С.Сейфуллин атындағы гимназиямен С.Сейфуллиннің т

12 қазан күні Сатпаев қаласы С.Сейфуллин атындағы гимназиясымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы барысында Сәкен  Сейфуллиннің есімімен аталатын мектептермен, мұражайлармен серіктестік  аясында Сатпаев қаласы С.Сейфуллин атындағы гимназиямен С.Сейфуллиннің туған күніне орай кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, айтыскер ақын Аманжол Әлтаймен онлайн кездесу кешінде оқушылармен еркін әңгіме жүргізіліп, аға буын ретінде ақыл айтылып, қоғамдағы өзекті тақырыптар қозғалып, тыңдармандарға терең ой салған керемет кездесу кешінің куәгері бола алдық. Онлайн өткен кездесу кешіне Жаңаарқа ауданының С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі және желтоқсан айында Сәкен есімі берілетін Қарағанды қаласы, №92 гимназиясының да ұстаздары мен білім алушылары қатысты. Аманжол Әлтай ағамыз Сәкен есімі берілген  мектебіміздің мұражайымызға жақында жарық көрген “Абай” кітабы мен «Сәкенге  125 жыл» атты кітабын сыйға тартты. «Айтыстың Ақтаңгері» Аманжол Әлтаймен серіктестік жалғасын табады.

Дата: 13.10.2020, 14:58 Автор: №7 МГ