«Үздік педагог» атты Республикалық конкурсының облыстық кезеңінде «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ-нің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Шарипова Гулнур Баймбеткызы
«Үздік педагог» атты Республикалық конкурсының облыстық кезеңінде «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ-нің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Шарипова Гулнур Баймбеткызы «Үздік педагог» атағын жеңіп алды. Қарағанды облысы Білім басқармасының Дипломын қалалық мәслихат депутаты Тейлянов Қ.Ғ. табыстады. Жас ұрпақтың білімін жетілдіру жолында тынымсыз еңбек етіп келе жатқан Гулнур Баймбетқызын жеңісімен құттықтаймыз! Білімді ұрпақ тәрбиелеудегі еселі еңбегіне шығармашылық табыс, мықты денсаулық тілейміз.
Дата: 5.10.2020, 7:39 Автор: №7 МГ