Семинар

Семинар

          15.03.19 жыл «Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы" КММ жоспарға сәйкес «Іс –әрекеттегі зерттеу: тәжірибені жетілдірудің тиімді жолы» атты магниттік мектептер арасында НЗМ тәжірибесін тарату семинары болып өтті. Мектеп тренері Исабаева А.Т. және Қашқынбаева Н., Нығанқызы  А. бастамаларымен ұйымдастырылған « LESSON STUDY» -мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру және оқыту мен оқуды жетілдіру әдісі» тақырыбындағы   оқыту  семинарлары оқу сабақтарын ұйымдастырудың  тиімді тәсілдерінің бірі екендігін дәлелдеді. Сондай-ақ Сатыбалдина П.А. «Өз өлкеңді тану-рухани жаңғырудың даңғылы» атты оқыту семинарында оқу сауаттылығы  негізіндегі мәтінмен жұмыс түрлерін ортаға сала отырып, оқушы құзыреттілігін қалыптастыруда зерттеу тәсілдерінің маңыздылғын айғақтай алды. Келесі бөлім  «іс-әрекетті зерттеу», «сабақты зерттеу» әдістерін тәжірибеде қолдану  ашық сабақтар топтамасымен жалғасын тапты. Бастауыш сынып мұғалімі: Тулеубекова Т.М. 2Б сыныбында, қазақ тілі пәні бойынша «Дара және күрделі зат есім», Қазақстан тарихы пәні мұғалімі: Карибжанов Е.Т. 10Ә сыныбында «Ұлы Жібек жолы», қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Шарбекова Г.Қ. 6Ә сыныбында «Ұлт мейрамы» тақырыптарында ашық сабақтарын өткізіп кәсіби біліктіліктерін көрсетті. Соңғы бөлімде мектебіміздегі  оқушылар арасындағы желілік қоғамдастық «Мұражай шарайнасы-ғасырлар мұрасы» тақырыбында жоба қорғап,  мұражай тарихына ондағы мәдени мұралардың маңыздылығы мен ерекшеліктеріне тоқталып өтті. (Ерубаева Р.Б. Батталова А.О.) Семинар соңы кері байланыспен жалғасын тауып, маңыздылығы талқыланды. (Ракишева М.А.)

Дата: 16.03.2019, 9:50 Автор: №7 МГ