Мектепішлік мәнерлеп оқу

 Мектепішлік мәнерлеп оқу

        С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Мен де оқимын,сен де оқы» жобасы аясында 3–сыныптар арасында  бастауыш сынып мұғалімі Амирбекова Көркем Жумагазиевна жетекшілігімен Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерінен мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа 25 оқушы қатысты. Сайыстың мақсаты:ұлтымыздың ұлы ұстазы ,ғалым,аудармашы,поэзия падишасы А.Байтұрсынұлының тарихтағы орнын паш ету,оқушылар арасында мұрасын насихаттау,өлеңдерін мәнерлеп оқуға үйрету. Сайыста  жеңімпаз оқушылар мадақталып,мақтау қағаздарымен марапатталды. Мәнерлеп оқу сайысында бас жүлдені 3А-сынып оқушысы Еркибаева Еркежан, І орынды 3А-сынып оқушысы Екпінбаева Аруназ, ІІ орынды 3Ә –сынып оқушысы Сағындық Талшын мен 3В- сынып оқушысы Смағұл Айжан, ІІІ орынды 3Д-сынып оқушысы, 3Г- сынып оқушысы  Мухаметолла Іңкәр  иеленді.

Дата: 29.11.2018, 16:04 Автор: №7 МГ