«Латын әліпбиіне көшу-қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуының кепілі».

«Латын әліпбиіне көшу-қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуының кепілі».

           С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында 10 қараша күні 9Ә сыныбында орыс тілі пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: «Латын әліпбиіне көшу-қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуының кепілі». Сабақтың түрі: семинар сабақ.  Сабақ барысында оқушылар латын әліпбиіне көшу жайында өз ойларымен бөлісіп, латын әліпбиіне көшу тарихы жайында, басқа елдердің осы алфавитке көшу жағдайларын пайымдап, латын әліпбиіне көшудің проблемалары мен жағымды жақтары сияқты мәселелерді айтып  өз сөздерін қорытындылады. Сабақтың мақсаты: Қазақстанда латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін талқыға салу, мемлекеттік тілді үйренуге қызығушылығын арттыру, халқымыздың мәдени мұрасын оқу  негізінде ұлтжандылықты қалыптастыру. 

Дата: 25.11.2017, 4:16 Автор: №7 МГ