«Электронды күнделік» (Edu-mark) мобильді қосымшасының презентациясы

 «Edu-Mark» мобильді қосымшасы іске қосылды. Енді ата-аналар жаңа мобильді құрылғы арқылы балаларының мектептегі сабақ үлгерімін қадағалай алады.

Мамандардың айтуынша, бұл электронды күнделік жүйесі оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға ықпал етеді.  Бағдарлама негізінде ата-аналар баланың сабақ үлгерімін, білімін қадағалай алады. Сондай-ақ, ата-аналар бірлестігін құрып, мұғалімдерімен кейбір мәселелер туралы талқылай алады.

Bilimal.kz ақпараттық және білім саласы порталының бастамасымен қолға алынған «Edu-Mark» мобильді бағдарламасы іске қосылды.

Сонымен қатар, бағдарламадан сабақ кестесі  мен әр пән бойынша оқушының орташа бағасын білуге, сынып жетекшісі арқылы байланысқа шығып, алдағы болатын бақылау жұмыстары не ата-аналар жиналысы сынды ақпараттарды оқуға болады.

«Мұғалім тек оқушының үлгеріміне қарай бағасын қояды, қалғанының барлығын бағдарлама өзі реттейді. Бұл бастама ата-аналардың да баланың сабағын қадағалауына мүмкіндік тудырып, оқушының сабақ оқуға деген білімін арттырады.

Мобильді құрылғы арқылы ата-аналарға push-хабарлама жіберіледі. Егер оқушы сабаққа бармай қалса, «бес» деген баға алса немесе керісінше «сәтсіз» баға алып қалса 10 минуттың ішінде тіркелген мобильді телефонға хат келеді. Электронды күнделіктің тиімді тұсы – мемлекеттік және орыс тілінде жұмыс істейтіні және телефонның операциялық жадында 3 мегабайт орын алады. Билік өкілдері жаңа бағдарламаның арқасында ата-аналар балаларының мектептегі өміріне белсенді араласып, олардың оқу үлгерімін қадағалап, дер кезінде тиімді шара қолдану арқылы оқытушымен байланысқа шығып, шешімін табуға атсалысады.

Ол сонымен қатар қауырт қызмет пен уақыттың тығыздығына байланысты көпшілік ата-аналар жиналысқа бара алмай жататынын тілге тиек етті. Сол себепті аталмыш мобильді құрылғы ата-аналар үшін балаларының мектептегі оқу үлгерімін жұмысында отырып-ақ бақылауына толық мүмкіндік туғызып отырғандығын айтты.  

. Аталған бағдарлама  2016 жылдың ақпан айынан бастап, Android и  IOS жүйесінде іске қосылады.