«Невада-Семей антиядролық қозғалысына – 25 жыл»


Семей  ядролық полигонында соңғы жер асты сынағы өткізілгеніне 25 жыл  толуына байланысты  мектебіміздің кітапханашысы  Дуйсенбекова Р.С    ұйымдастыруымен   5-6-7 сыныптар арасында  дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Қазақ жерінде Семей ядролық сынақ полигонының қасіретін  қазіргі жеткіншектерге  нақты  дәлелдермен көрсету,ядролық қарудың ғаламшарға, табиғатқа, адамзатқа  төндіретін қауіпін түсіндіру.
Дөңгелек үстелде оқушылар өздерінің дайындаған  баяндамаларын оқып, шығармашылық жұмыстарын   ортаға салып талқылады. «Невада-Семей антиядролық қозғалысына – 25 жыл»  тақырып аясында  8 «А» сынып оқушысы Дарибекова Гүлзат «Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаға ортаға әсері»  туралы өзінің ой пікірін ортаға салды.