Оқушылар «Alem Cinema» қалалық кинотеатрына барды
08-06-2018 17:03
Оқушылар «Alem Cinema» қалалық кинотеатрына барды

         Бүгінгі күн «Алау» жазғы лагерінің демалушылары үшін көңілді өтті. Балалар тәрбиешілерімен бірге «Alem Cinema» қалалық кинотеатрына барды. Онда балаларға арналған мультфильм тамашалады. Мультфильм біткен соң, балалар алған әсерлерімен бөлісті.Өзге ғаламшарлықтар мен жер ғаламшарының тұрғындары жайлы  заманауи сюжетті мультфильм балалардың барлығына ұнады.