29.04.2024 ж Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ- де Жастар форумы өтті.

Дата: 2024-05-03 11:08:10

  Форумға мектебіміздің жас мамандары қатысты. Мақсаты: Инновация мен шығармашылықты ұштастыру арқылы жастар патриотизмін дамыту. Отанымызды өркендетуге білімді жастар  керек екенін ұғындыру.

Елбасымыздың әрбір Жолдауына зер салсақ, онда жүктелген міндеттер, ең алдымен, жастарға жүктелген жауапкершілік екенін аңғаруға болады.

Бұл форум  барысында жас ұстаздар арасында мақсаттары бір арнаға тоғысқан білімді  жастар,  көшбасшылық қасиеттері бар, бастамашыл креативті жас педагогтердің ой-пікір алмасу алаңы  болды.