бракераждық комиссия

Дата: 2024-04-22 17:08:43
бракераждық комиссия

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім  бөлімінің "№ 24 мектеп-интернаты" КММ-де мектеп асханасының жаңа 2023-2024 оқу жылындағы   жалпы санитарлық жағдайын, тағамның сапасын тексеру мақсатында 22.04.24жылы бракераждық комиссия мүшелері медбике Бажбенова А.К , мектеп оқушылары Ғабиден Жансерік, Шевченко Алина, Орымбай Мөлдір, психолог Жумажанова С.С, әлеуметтік педагог Жолдасбаева С.М - мен бірге  жоспарға сай тексеріс өтілді.  

Күн тәртібінде:

1. Асхананың санитарлық жағдайын тексеру

2. Берілген тамақтардың мәзірге сай болуы,берілген астың мөлшерінің сай болуы

3. Тамаққа қосатын дақылдардың тазалығы,мерзімінің дұрыс болуы

4. Ыдыстардың шеттерінің ұшқанын , сынғанын қадағалау.

           Бүгінгі ас мәзірі бойынша;

- кеспе сорпасы

- сүзбеше

- Қ/б наны

- алма

     • бал қосылған шәй

           Тексеріс барысында асхананың тазалығы орташа, талапқа сай емес. Күнделікті тағам сапалы дайындалған, күніне әкелініп отырады. Ас мәзірі бекітілген, мәзір бойынша дайындалған, бірақ үлкен сыныптарда сузбеше мен алма болмады. Ыдыс-аяқтарды тексеру барысында шеті ұшқан болмады.Су ішетін куллер , сусабын, таза стакандар барлығы талапқа сай бар.

Шешім бойынша мектеп асханасының санитарлық жағдайын, тағамның дайындалуын қанағаттанарлық деп есептелді. Ас мәзірі бойынша тағамдар толық болуы ескертілді. Сынған ыдыстардаң болмауын қадағалау керек екенін , алып тасталу керектігі ескертілді.

Ұсыныс: Күнделікті ас мәзірін сапалы дайындау, тағамдарды толығымен беру, сынған ыдыстардың болмауын қадағалау.