.

Дата: 2023-11-13 15:54:26
.
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім  бөлімінің "№ 24 мектеп-интернаты" КММ-де мектеп асханасының жаңа 2023-2024 оқу жылындағы   жалпы санитарлық жағдайын, тағамның сапасын тексеру мақсатында 20.10.23жылы бракераждық комиссия мүшелері медбике Бажбенова А.К , мектептің оқушыларынан құрылған топ  Басшыбай Әли, Абдусаттаров Сабиджон, Бірміхан Әлихан, әлеуметтік педагог Жумажанова С.С - мен бірге  жоспарға сай тексеріс өтілді.  
Күн тәртібінде:
1. Асхананың санитарлық жағдайын тексеру
2. Берілген тамақтардың мәзірге сай болуы,берілген астың мөлшерінің сай болуы
3. Тамаққа қосатын дақылдардың тазалығы,мерзімінің дұрыс болуы
4. Ыдыстардың шеттерінің ұшқанын , сынғанын қадағалау.
           Бүгінгі ас мәзірі бойынша;
- еттен биточки
- салат қызылша мен қырыққабаттан
- гречка
- Қ/б наны
- сок
           Тексеріс барысында асхананың тазалығы талапқа сай, күнделікті тағам сапалы дайындалған, күніне әкелініп отырады. Ас мәзірі бекітілген, мәзір бойынша дайындалған, барлық тағам берілді.Ыдыс-аяқтарды тексеру барысында шеті ұшқан ыдыстар болды, алынып тасталды.Су ішетін куллер , сусабын, таза стакандар барлығы талапқа сай бар.
Шешім бойынша мектеп асханасының санитарлық жағдайын, тағамның дайындалуын қанағаттанарлық деп есептелді.
Ұсыныс: Күнделікті ас мәзірін сапалы дайындау. Сынған ыдыстардың болмауы. Ыдыстарды тазалап жуу.