Менеджмент тұрғысынан басқару мен білім кеңістігінің сапалы нәтижеге бағытталған инновациялық моделі Инновационная модель образовательного менеджмента, ориентированная на качество и результаты

Дата: 2014-10-28 05:53:04

Менеджмент тұрғысынан басқару мен білімкеңістігінің сапалы  нәтижеге бағытталған инновациялық  моделі

Инновационная модель образовательного менеджмента, ориентированная на качество и результаты 

Жаһандық ғаламданудың кеңеюі,ақпараттық технологиялардың өріс алуы, білім беру нәтижесіне халықаралық талаптардың күшеюіне байланысты Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлтымыздың әлеуетін оятуға және оны жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет», деп барлық білім беру жүйесінің қарқынды дамуына, ертеңгі болашағына тұғыр боларлық міндет жүктеді.

Білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту деп қарастырылуының өзі балаға, адамға деген көзқарастың түбегейлі бетбұрғандығы.

Қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер экономиканы, саясатты және әлеуметтік-мәдени саланы дамытудағы стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның ақпараттануы мен қарқынды дамуы жағдайында адамдардың жаңа әлеуметтік рөлдерге ие болуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертіп, білімнің қоғамды жаңартуға қосар үлесін арттырды. Сондықтан, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында білім берудің сапасын арттыру басты міндеттердің бірі болып белгіленген.

Еліміздің ертеңі болашақ ұрпағымызға сапалы білім берудің мақсаты – әр түрлі деңгейдегі жоспарланған жұмыстардың нәтижесіне жету. Жоғары деңгейде білім беру негізгі үш мақсатты көздейді.

Әлеуметтік мақсаты – бұл білім берудің ішкі, сондай-ақ сыртқы әлеуметтік және табиғи себептері мен психологиялық, психофизиологиялық қиыншылықтарды жеңуге көмек беру.

Классикалық мақсаты – мәдени өсу бағытында рефлексия қалыптастыру, өзіндік білім және жауапкершілікті жеке тұлғаны дамытуға жағдай жасау.

Нақты мақсаты – бұл қызметтік мақсат. Ол кәсіби білім мен өмірдегі пайдалы дағдылар мен біліктілікті қабылдау, белгілі кәсіптік пен әлеуметтік мақсатқа жету, өмірде өзінің лайықты орнын табуына және кез келген салада білікті маман, менеджер, қызметкер болып қалыптасуына жағдай жасау.

         ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: «Жаңа ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – адамдар, оларды еркі, жігері, табандылығы, білімі» деп атап көрсеткеніндей, адам бойындағы осындай қасиеттердің іргетасын қалайтын мектеп ұжымы, соның ішінде мектеп басшысының басқарудағы іскерлігінің маңызы зор.

Басқару дегеніміздің өзі– жүйені жаңа сапалы дәрежеге көтеру, жаңа жағдайда икемдеу үшін осы жүйеге әсер етудің үздіксіз жүзеге асыру үрдісі.

Басқарудың басты міндеттері:

-         мектеп директоры ұжым мүшелерін бір мақсатқа жұмылдыру;

-         әрбір қызметкердің қарым-қабілеті мен бейім-білігін тани отырып, оның осы мүмкіндіктерін дамыта отырып толыққанды жұмыс істеуіне жағдай жасау;

-         педагог кадрлардың кәсіби шеберлігі мен дағдысын ұйымшылдық ұстанымы негізінде өзара ақпарат алмасу кеңістігін қалыптастыру.

Басқару миссиясы:

-         дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнын ғылыми іргетасты әдіс – тәсілдерді қолдану;

-         бейімделген жұмыс істеу тәртібінен тұрақты жаңашыл, заман талабына сай жұмыс істеу тәртібіне көшіру;

-         педагог кадрлардың ізденіспен жұмыс істеуіне материалды-техникалық, моральдық-психологиялық, оқу-әдістемелік жағынан жағдай жасау.

Білім ордасын басқарудағы негізгі ұстанған ұстанымдарымыз:

Øғылымилық;

Øмақсаттылық;

Øжүйелілік;

Øжекелей жауапкершілік;

Øжеке тұлға ретінде қарау;

Øадамгершілік;

Øсалауаттылық;

Øынтымақтастық;

Øжаңадан дамуға бағыт-бағдар беру.

Біз әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған жаңа білім беру жүйесінің қалыптасуына куә болып отырмыз. Баршаның көз алдында білім парадигмаларының ауысуы жүріп жатыр: баcқаша мазмұн, басқаша көзқарастар, басқаша қатынастар, басқаша педагогикалық менталитет ұсынылуда. Бүгінгі күннің сұраныстары әр маманнан білімді игерудің барысында жалпы білім беретін мектеппен және кәсіптік оқу орындарымен шектелуден арылуды, білім мен дағдаларды өмір бойы алу мен жаңалау үдерісіне қарай ойысуды талап етеді. Сонымен қатар білім беруді басқаруға ғылыми көзқарастың өзектілігін қамтамасыз ету мен негіздеуге, басқаруды ғылыми негізде ұйымдастыруға объективті және субъективті сұраныс саланы басқарудың барлық деңгейлерінде өткір сезіліп отыр. Білім беру ұйымдарын басқару деңгейінде бұл сұраныс «нәтижеге бағдарланған құзыретті білім» моделі арқылы, 12 жылдық мектепке көшу жағдайында басқару объектісі ретінде орта мектептер алдына қойылатын міндеттердің түбегейлі өзгеруімен, оның дербестігінің өсуімен, оны инновациялық үрдіс негізінде ұйымдаcтыру көмегімен ұдайы жаңарту қажеттілігімен, басқаруға зерттеушілік көзқарасты игерумен, мектепке және оны басқаруға әлеуметтік талаптардың артуымен өзекті бола түсуде.

         «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №15 орта мектебі» КММ құрылу тарихына негіз болған Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы. Бағдарлама аясында салынған жаңа білім беру ордасы 2008 жылы 12 желтоқсанда, яғни Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қарсаңында тұсауы кесілді. Оқу-тәрбие үдерісі 9 қаңтар 2009 жылы жаратылыстану – математика бейіні бағытында басталды. Бұл бағытта мектептің материалдық – техникалық базасы заманауи талаптарда жабдықталған. Мектеп ашылған жылы компьютерлер паркі екі информатика кабинеті, 16 ноутбук құрылған мультимедия (шет тілдеріне арналған) кабинеті, жаңа үлгідегі физика кабинеті модификацияланған оқу кабинеттері. Интерактивті тақталар -2. Жыл сайын материалдық – техникалық база оқу-материалдық активтерімен толықтырылып отырды. 

         Балқаш қаласының білім бөлімінің 2008 жыл 22 желтоқсан №4 бұйрығымен:

-         №1 орта мектептен қазақ тілінде оқитын бастауыш сыныптар;

-         №2 лицейден 3А, 4Б,6Б,7В,7Д сыныптары;

-         №16 мектептен 2Б,3Б,5А,6А,8А,9Б,10Ә сыныптары;

-         №18 орта мектептен мектепке дейінгі екі дайындық тобы, 1А,5Г,5Д сыныптары - №15 орта мектебіне қабылданды. (Қосымша №1,бұйрықтар).

2009 жыл 9 қаңтар оқу-тәрбие үрдісі 32 сыныппен басталды. Оқушылар контингенті 15 бастауыш сынып, 5-10 сыныптар арасында – 17 сынып, 1-10 сыныпта 777 оқушы, мектепалды даярлық тобында – 75, 1-4 сыныптарда – 364, 5-9 сыныптар – 381, 10-сыныпқа 32 оқушы қабылданды.

Білім сапасы – 38 %.  

2013-2014 оқушылар контингенті 1050 оқушы – 42 сынып комплектісі. (Диаграмма қосымшада)

Мұғалімдердің сапалық құрамы: мұғалімдер саны – 52, жоғары санатты – 8, бірінші санатты – 10,екінші санатты – 16, жоғары білімді – 45, кәсіби орта білімді – 8, жас мамандар – 9. Мұғалімдердің орташа сапалық құрамы - 34%. Оқушы контингенті артқан сайын, мұғалімдер саны да талапқа сай қабылданып отырды.

Соңғы 2013-2014 оқу жылында мұғалімдердің саны – 87, сапалық құрамы 42%. (Диаграмма қосымшада)

Жаңа білім беру мекемесі алдына келесі міндеттерді қойды:

·        қажетті білімді өз бетінше ала отырып, пайда болған сан алуан түрлі мәселелерді шешу үшін оларды тәжірибеде біліктілікпен пайдалануға, жылдам өзгеріп отырған өмір жағдайларына оңай бейімделуге;

·        дербес сыни тұрғыда ойлай білуге, пайда болған мәселелерді көре білуге және жаңа технологияларды пайдалана отырып, оларды шешудің тиімді жолдарын табуға, өзінің алған білімдерін қоршаған ортада қай жерде, қалай пайдалануға болатынын саналы түрде түсіне білуге;

·        ақпараттармен сауатты жұмыс жасай білуге (ақпараттарды іздеу, өңдеу, ой елегінен өткізу, қолдану, сақтау және тарату);

·        әртүрлі әлеуметтік топтарда коммуникабельді, тез тіл табыса алатындай болуға, кез-келген жанжалды жағдайларды болдырмауға немесе ондай жағдайлардан біліктілікпен шыға алуға;

·        өз адамгершілік қасиеттерін, интеллектісін, мәдени деңгейін дамыту бойынша өз бетінше жұмыс жасауға қабілетті бітірушілерді алдына дайындау міндетін қояды.

 

Қызметті бағалау нысаналарынегізінде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда ішкі өкімдік құжаттар, мектептің іс-номенклатурасына сай жүйеленіп, жүргізіле бастады. Білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшелері және қызметті басқару әдістері мен формалары, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлау, ішкі еңбек тәртібі, ұжымдық шарт жүйелері құрылды. (Қосымша №2, бұйрықтар)

2-10 сыныптар арасында білім сапасының көрсеткіштерін анықтау барысында жазба, бақылау жұмыстары алынды. (Қосымша №3) 12.01.2009жыл.

2013-2014 оқу жылында білім сапасы 58% құрайды. (42 сынып диаграмма).

Білім беру мекемесінің жұмысын жүргізуде үш ұжымды біріктіру басты нысандардың бірі болды.

ØБірінші,  жаңадан әр мектептен келіп жинақталған оқушылар ұжымы;

ØЕкінші,әр білім беру мекемелерінен келген мұғалімдер қауымы;

ØҮшінші,зәулім ғимаратты меңгеру (жылу, жарық, кәріз, су т.б. жүйелері).

Осы үш ұжымды бір ұжым етіп біріктіру мақсатында және мектепті басқаруда оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру менеджерлік іскерлікті талап етті. Жалпы білім беретін мектепті командалық басқару құрылымының үлгісі ретінде мектеп әкімшілігін бірыңғай форма стилінде киіндіру және мектеп оқушыларының да сырт бейнесін бірыңғай үлгіде киіндіру бастамасын қала мектептерінің ішінде алғашқы болып қолға алдық. Бұл бастаманы жаңа мектептің ата-аналары бірден құптап, қолдау көрсетті.

Тақырыбы: «Ұйымдастыру педагогикалық кеңесі» №1 педагогикалық кеңес. 05.01.2009 жыл.

Тақырыбы: «Мектептің даму тұжырымдамасы» №2 педагогикалық кеңес. 28.02.2009 жыл.

1.     Мектептің 2009-2014 оқу жылдарына арналған стратегиялық  даму бағдарламасы;

2.     «Жасыл мектеп» авторлық жобасы (Экологиялық тәрбие беру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру).

Осы екі педагогикалық кеңесте қарастырылған мәселелер жаңа білім ордасын сапалы басқару мен ұйымдастыруда бүгінгі күнде сапалы нәтижесін беріп отыр. (Диаграмма қосымшада)

Осы бағдарламалардың барлығы шығармашылық топтармен бірлесе отыра, педагогикалық ұжымның қолдауымен қабылданды.

Жалпы қазіргі кезең – білім беруді, мектепті, оқушы мен мұғалім тұлғасын, олардың бір-біріне деген қарым-қатынасы мен іс-әрекеттерін, реформаны іске асыру, жаңа педагогикалық идеяларды, жаңа типті ойлауды қалыптастыру кезеңі. Ал, біздің жаңадан ашылған мектеп жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге қабілетті, ізгілікті қарым-қатынасты басшылықта ұстап, дамып келе жатқан ашық құрылым.  Білімге деген ізгілікті қарым-қатынас – бұл ең бірінші орынға жалпы адамзаттық құндылықтарды, соның ішінде оқушының жеке тұлғасын ең жоғарғы басты орынға қоя отырып, «Көшбасшылар мектебі» ұйымдастырылды.

«Нәтижеге бағытталған сапалы білім беру моделіне» қол жеткізуді  басты миссияға ала отырып, жаңа үлгідегі ұлттық мектептің тәрбие жүйесін «Самұрық» атты   бағдарламаға жүйеледік.  (диаграмма қосымшада)

         Бұл бағдарламаны жүзеге асыруда «Атамекен» (Мұхамед-Рақым Құрсабаева), «Сенім» (Алма Қыраубаева) бағдарламаларын басшылыққа ала отырып, жасадық. Осы бағдарлама 2009 жылдың 2 желтоқсанында «Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі»ММ дәстүрлі «Мектеп күні-2009» семинарында қорғалды.

Білім  ұясының әр бір қабаттарын:

«ҚР  Мемлекеттік Рәміздер», «Көшбасшылар», «Ерлік», «Жолда жүру ережесінің қағидалары», «Әдептілік», «Бабалар» залдары. «Ұлттық құндылықтар»,  «Тәуелсіздік тағылымы», «Көркемсөз», «Қысқы бақ» зертханалары, «Кіші индустрия» (шағын бизнес), «Өзін – өзі тану», «Ғылыми- әдістемелік», «Жетістіктер галереясы», Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентіне арналған «Ұлткөшбасшысы залы»,  «Ақпараттық (Электронды мектеп)» орталықтары ашылып, жұмыс жүргізілуде.  Осы орталықтар мен залдар заманауи талаптарға сай жабдықталып, ұлттық рең мен бояулар арқылы ерекшеленіп, тақырыптық мазмұны  оқушылардың зерттеу, іздену  жұмыстары мен жобаларының нәтижесі арқылы ашыла түсіп,  оқушылар экспонаттары және шығармашылық жобалары жинақталып, ұлттық рухпен үндесуде.

Халқымыздың ардақты азаматы Мұстафа Шоқай: «Ұлттық  мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат  шықпайды», - деп ұлт болашағын ұлттық мектепте  ұлттық рухта  тәрбиелеу қажеттігін көрсеткен.

Кез-келген ұлтты алға сүйрейтін  бірден бір күш - білім  мен өнер.  Білім ұясында өркенді істер мен өрелі қадамдары  - оқу мен тәрбиені  егіз ұғымдай ұштастырудағы жүйелі жұмыстарының   жетістіктерінен  көрініс табуда.  2010-2011 оқу жылының ақпан айының 19 жұлдызында өткен «Ұлттық рухты мектеп» атты аймақтық (облыстық) семинар  осы жұмыстардың  дәлелі бола алады. Нәтижесі «Ұлттық мектеп – рухани ұлағатты орта» атты жинаққа енді.

Мектептің білім беру процесінде оқушыларға азаматтық-патриоттық тәрбие берудің қолайлы жағдайларын жасалынған.  Жас ұрпақты отандық мәдени құндылықтарын бағалауға, оның өткен тарихи-мәдени кезеңдеріне құрмет сезімін ояту, өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту арқылы тұлғаны әлеуметтендіруге бағытталды.

Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері бәсекеге қабілетті  білімді меңгерген, ой – өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады.

         Білім беру ұйымын «Шуағын шашқан білім ұясына» айналдырудағы ішкі идеямды әріптестерім қолдады.  Сенім ұялаған біздің ұжымның басты ұстанымы – «Талантты табу, тану және таныту» формуласы. Ұжымды ынталандыру, моральдық, материалдық тұрғыдан марапаттау жұмыстары жүйелі ретке қойылды. (диаграмма қосымшада)

«Жыл ұстазы», «Жыл оқушысы», «Жыл сынып жетекшісі»,  «Жылдың ең үздік мұғалімі», «Үздік оқу бөлмесі» т.б. номинациялары бойынша мұғалімдерді   марапаттау және ынталандыру шаралары дәстүрге айналды.

Оқушылардың мотивациясын жетілдіру мақсатында «Жылдың ең үздік оқушысы», «Ең үздік спортшы», «Өнерлі өрең», «Олимп шыңында» т.б. номинациялар бес жыл бойы қатарынан (2009-2010, 2010-2011, 2011-2012. 2012-2013, 2013-2014 оқу жылдары) беріліп келді. Сонымен қатар, үздік оқушыларға шәкіртақы тағайындалды. Көкіректе жақсы арман болумен қатар, сол арманға жетудің жолдары болу керек. Олар оқушы дамуының жеке траекториясы, портфолио жетістіктері, арман картасы, жетістікке және мансапқа жету картасы т.б. Жетістік оңай келмейді. Еңбек, сабырлылық, ақылдылық ұстанымдарын шынықтыру арқылы ғана нәтиже береді. Білімділік пен біліктілік – жетістіктің қос қанаты. Білімділік – оқумен , біліктілік – еңбектенумен  келеді. Арман. Талап. Еңбек. Бұл үшеуі жетістіктің қозғаушы күштері.

Бес жылда жеткен жетістіктерді ұстап тұрумен қатар, перспективалық жоспарларды дамыту, жетілдіру талабы күн сайын арта түсуде.

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №15  орта мектебі» КММ-сінде атқарылып жатқан жаңа басымдықтар төмендегі білім беру ұйымындағы дамыту бағдарламалары арқылы іске асырылды және жалғасуда:

§  Білім беру ұйымының 2009-2014 жалдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасы (№2 педагогикалық кеңес 28.02.2009 жыл)

§  «Жасыл мектеп» авторлық жобасы (оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған) (№2 педагогикалық кеңес 28.02.2009 жыл)

§  «Ресурстық орталық бейіндік оқытуды жүйелі түрде іске асыратын механизм ретінде» 23.12.2009ж.

§  Тәжірибелік-эксперименттік жұмысының бағдарламасы Балқаш қаласы №15 жалпы білім беретін орта мектебі бейіндік оқыту ресурстық орталығының ережесі 23.12.2009ж.-2004жыл.

§  «Оқу-тәрбие процесінде құзіреттілікке бағытталған білім беруді жүзеге асыру» тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бағдарламасы  («Шексіз оқыту» жобасы Қазақстан – Канада) 05.04.2011ж.

§  «Азаматтық-патриоттық тәрбие беру» бағыты бойынша тәрбие беру бағдарламасы. «Самұрық» моделі. «Мектеп күні» 02.12.2009

§  «Білімал» электронды мектептің бағдарламасын іске асыру жолдары қанатты жоба 05.04.2011ж.

§  «Кітапхана ісі» электронды кітапхана.

§  «Таңшуақ» шағын орталығында оқу-тәрбие үрдісінде «Халық педагогикасы арқылы көптілді және этномәдениетті тәрбие беру» тәжірибелі-эксперименттік жұмыстың бағдарламасы 15.08.2012ж.- 2015ж.

§  «Рухани-ізгілікті педагогика мектебі» 3 модуль арқылы жүзеге асырылуда:

-         «Перзенттік» сезімді тәрбиелеу және дамыту;

-         Өзін-өзі тану метапәнінің интеграциясы;

-         Толеранттық ортаны дамыту. (фрагменттер қосымша презентацияда).

 

 «Ресурстық орталық бейіндік оқытуды жүйелі түрде іске асыратын механизм ретінде» ТЭЖ  бағдарламасы «Оқу-тәрбие процесінде құзіреттілікке бағытталған білім беруді жүзеге асыру» тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бағдарламалары нәтижелі аяқталды.

Инновация тақырыбы: «РО БО – ды жүйелі түрде іске асыратын механизм ретінде».

Қандай қарама – қайшылықтарға және білім беру тәжірибесіндегі мәселелерді шешуге бағытталған инновация

Инновация жұмысы бейіналды дайындық пен бейінді оқытуды іске асыру, білім сапасын арттыру, тұлғаны әлеуметтендіру мәселелеріне бағытталған.

Инновациялық идеяның мәні:

Қалалық жағдайдағы орта мектептер ресурстарын: кадрлық, оқу-әдістемелік, МТБ біріктіру арқылы оқушы сұранысын қанағаттандыру.

Нәтижелері:

-         Оқушылардың өздігінен білім алуға қолайлы орта қалыптасты.

-         РО бірыңғай оқу жоспарын сынақтан өтті.

-         Оқу жоспарының вариативтілігін дамыды.

-         БОРО-ның нормативті-құқықтық құжаттарын дайындалды.

-         РО-ғы білім беру процесін ОӘК қамтамасыз етілді.

-         Тораптық РО жағдайында бірыңғай ақпараттық кеңістігін құрылды.

Жаратылыстану-математика, химия-биология, технология бағыттары тереңдетілді. (гомогендік топтар арқылы математика пәнін тереңдете оқыту арқылы, «Жасыл мектеп» жобасы арқылы экология-химия, биология, технология пәндері арқылы мамандыққа ерте жастан 7-сыныптан бейімдеу тәжірибелері іске асты. Жазғы математикалық, экологиялық бейімдеу мектептері, Алматы, Маралсай,ТауТұран, Гүлстан, «Шексіз математика» Қазақстан-Болгария)  

 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі атқарылып жатқан жаңа басымдықтар:

          Елбасының «100 мектеп -100 аурухана» бағдарламасы  аясында салынған мектептің жанынан тұңғыш ашылған бүлдіршіндерге қазақ тілінде білім –тәрбие беретін «Таңшуақ шағын» орталығы қанатын қатайтып, мемлекет бағдарламасын іске асыруда аянбай еңбек етуде. Шағын орталықта қазіргі таңда 85 бүлдіршін  тәрбиеленуде. Мектепалды даярлық тобында 125 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйым-мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың                 білім беру бағдарламаларын іске  асыратын білім беру ұйымы.

Сәбилік шақтан бастап әдептілікке,мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге құрмет, кішіге  қамқорлыққа баулып, ата-баба мұрасы-өнер мен өнеге үлгілерінің  лайықтыларын баланың құлағына естірте, көзіне көрсете отырып,ойын арқылы бойына сіңіріп, санасына орнықтыру.

Шағын орталық 5 бағытта жұмыс жасайды:танымдық, денсаулық, шығармашылық, әлеуметтік, қатынас.

Әсемдікке, әдемілікке, табиғатты аялай білуге, гүлдерге деген қамқорлық сезімдеріне тәрбиелеуде мектебіміздегі қысқы бақтағы гүл әлеміне саяхат жасау, оларды күту еңбектеріне баулу, мектеп ауласындағы гүлдердің айырмашылықтарын түсіндіріп отыру, олардың қалай өсіп өнетіні жөніндегі білімдерін кеңейту. Біздің шағын орталықтағы  топтардың аталуының  өзі   Гүлдермен байланысты  2-сәбилер тобы «Қызғалдақтар» Естиярлар тобы  «Түймедақтар» Ересектер тобы  «Раушандар болып аталады» Біз бұл  гүлдер атауын берген себебіміз Республикалық ғылыми танымдық, көпшілік «Гүлстан» журналымен әлеуметтік серіктестік негізінде жұмыстар жүргізіп отырамыз.  «Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешенінің дидактикалық материалдарын және боямақ кітаптарын , көркем әдебиетте ертегі кітаптарын, математика сабағында санамақтарын, сауат ашуда «Гүлдер әлемі»  әлппесін пайдаланамыз.

          Осындай атқарылып жатқан жұмыстардың  нәтижесінде «Таңшуақ шағын» орталығы  «Ең үздік мектепке дейінгі шағын орталық»  «Білім ұясы ІІІ»  Республикалық байқауының  облыстық кезеңінде бірінші дәрежелі дипломмен, «Білім ұясы ІІІ» республикалық байқауының  «Үздік шағын орталық» номинациясына қатысқаны үшін  алғыс хатпен марапатталды.

Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген ақыл - парасаты мол мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. (Қосымша презентацияда).

Орта білім беруді іске асырудағы негізгі басымдықтар. (Нақты нәтижеге негізделген динамикалық көрсеткіші қосымша презентацияда)

1.     Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу;

2.     Сапалы білім беруді қамтамасыз ету;

3.     Білім беру үдерісін кадрлармен қамтамасыз ету;

4.     Материалдық – техникалық қамтамасыз ету;

5.     Біім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау;

6.     Педагогтар мен басшылардың кәсіптік және жеке өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау;

7.     Инклюзивтік білім алуға жағдай жасау;

8.     Соңғы үш жыл ішіндегі оқушылар біліміндегі рейтингтік жоғары көрсеткіштер, орта білім беретін ұйымның ерекше миссиясы;

9.     Білім беру сапасын басқару;

10.                 Білім сапасын ішкі және сыртқы бағалаудың нәтижелері;

11.                 Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Педагог кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттырудағы бағытталған іс-әрекеттер.  

Жоғарғы білікті кадрлармен білім беру жүйесін қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдауды күшейту және педагог қызметкерлердің еңбегін ынталандыру мақсатында мектебімізде қоғамымыздың ең көкейкесті мұраттарының бірі болып отырған педагог кадрларды әзірлеу және олардың біліктілігін арттыру жолдарын жетілдіру жұмыстары жүйелі жолға қойылған.   

Оқу-тәрбие процесінде құзыреттілікке бағытталған білім беруді жүзеге асыру тәжірибелік –эксперименттік жұмыстың бағдарламасы негізінде «Шексіз оқыту» инновациялық халықаралық білім беру жобасы (Канада-Монреаль) жүзеге асты. Осы 3 жылдық жобаға жалпы 50 мұғалім қатысып, 21 мұғалім Б.Блум таксономиясын меңгеріп, 21 мұғалім толығымен аяқтап халықаралық деңгейдегі сетификат алып шықты, жоғары деңгейде құзыреттіліктерін көрсете білген 7 педагог-тьютор , 7коуч статусына ие болды. Осы жоба барысында мектеп педагогтары Қашықтықтан оқыту технологиясында терең меңгеру нәтижесінде орыс тілі  пәнінің жоғары санатты мұғалімі Сатенова Шарбат Шайкуловна Қытай Халық Республикасының Пекин қаласында өткен 2012 жылдың 27 наурыз 3 сәуір аралығында өткен «Заманауи білім берудегі көптілділіктің өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысса, француз пәнінің мұғалімі Жунус Несипкайша Гылымжановна Францияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырған халықаралық педагогикалық жоба байқауына қатысып оқу гранты арқылы Францияда тәжірибе алмасты.

Білім берудің жаңа моделіне көшу кезеңі біліктілікті арттыру жүйесі ұйымдарының алдына педагогты «жаңаша» жұмыс жүргізуге даярлау, оны кәсіптік тұлғалық тұрғыдан әзірлеу міндетін қойып отыр.

12 жылдық мектеп педагогын тұлғалық қалыптастырудың әуелгі негізі оның кәсіби-тұлғалық тұрғыдан өзін-өзі  үздіксіз дамытуы мен өзін-өзі жетілдіруі, яғни осы бағытта өмір бойы оқып-үйренуі  болып табылады. Бұл үшін жаңа педагогикалық ойлау жүйесін қалыптастырғаны абзал. Яғни бұрынғы қалыптасқан көзқарастардан, стереотиптерден арылып, жаңаша ойлай білу, жаңаша әрекет ете білу қажет. Білім беру ісін жетілдіру эксперименттер мен «жергілікті» модельдер арқылы жүретін дәстүрлі жолмен емес, инновациялық қызмет арқылы іске асады.

Мемлекеттік бағдарламада «Заманауи ғылыми білім-білікке ие және еліміздің инновациялық дамуына үлесін қоса алатын ғылыми-педагог кадрларды даярлау» делінген.

Осы тұрғыда мұғалімдердің мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық, тіпті халықаралық дәрежедегі біліктілік арттыру курстарына, ғылыми-практикалық, ғылыми-әдістемелік конференция, семинар, семинар-тренингтер, педагогикалық байқаулар, жобаларға белсене қатысулары, олардың жоғары көрсеткіштері жаңадан ашылған мектеп ұжымының заман талабына сай дұрыс бағытта еңбектенуде екенін көрсетеді. 378 мұғалім бірнеше рет конференция, форум, баспа беттеріне іс-тәжірибемен бөліскен. Жалпы алғанда 5 жылдық салыстырмалы кесте бойынша 2009-2010 оқу жылы-12 мұғалім, 2010-2011 оқу жылы-75 мұғалім, 2011-2012 оқу жылы – 92 мұғалім, 2012-2013 оқу жылы -105 мұғалім, 2013-2014 оқу жылы- 94 мұғалім қатысқан. Яғни мұғалімдердің белсенділігінде өсу динамикасы айқын көрінеді.  

«Intel» бағдарламасын 26 мұғалім игеріп, жобалау технологиясы бойынша оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыра алды.

Соңғы 5 жылда біліктілік арттыру курстарынан 63 мұғалім, проблемалық курстардан 33 , жаңа технологиялар, критериалды бағалау-17, өзін-өзі тану – 20, деңгейлі курс бағдарламасын -10 мұғалім меңгерді, т.б. (Диаграмма қосымшада)

         Тәжірибелік-шеберлік алаңы (облыс мектептері басшыларымен іс-тәжірибе бөліскен сәттерден 2012-2013 о.ж.)

Табысты мектептің он көрсеткіші:

1.     Мектеп ахуалы

2.     Қарым-қатынас

3.     Сынып ахуалы

4.     Оқуды қолдау

5.     Оқытуды қолдау

6.     Уақыт пен ресурстарды пайдалану

7.     Ұйымдастыру мен өзара әрекет

8.     Теңдік пен әділдік

9.     Жетістікті тану

10.                 Мектеп пен отбасы арасындағы байланыс

 

«Жетістіктің үшбұрышы» (Австралия, 2008ж) халықаралық білім беру көшбасшылары диалогінде талқыланған. Табысты мектеп жүйесін құру үшін ең маңызды 3 факторды назарда ұстауымыз керек:

1.     Мектеп басшылығы

2.     Жүйелілік

3.     Тереңдетілген педагогика .

Үздік әлемдік педагогикалық тәсілдер, білім беру тәжірибелері елімізге енуде. Бүгінгі заманауи басшының ролі мен миссиясы да нақты айқындалды. Яғни, заманауи мектеп басшысы

-         Оқыту мен оқуға жетекшілік ету.

-         Өзінің үздіксіз кәсіби дамуымен ұжымын дамыту (көшбасшылық, стратегиялық жоспарлау, болжау құзыреттіліктері)

-         Ол үрдісті жетілдіру, яғни инновациялар мен өзгерістерге жетекшілік ете білу

-         Жергілікті қауымды бірлескен жұмысқа тарту (ата-аналар, жұртшылық)

-         Кәсіби және әлеуметтік әріптестік аясын жетілдіру, т.б.

 

Қорыта келгенде, тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына еркін қадам аттаған егемен еліміздің білім беру саласындағы міндеттері және оны жүзеге асыру жолдары айқын. Болашаққа бағдарланған осы саясат аясында жүзеге асырылып жатқан тапсырмалардың орындалуына барынша үлес қосу – баршамыздың басты міндетіміз. Елбасының ел болашағы – «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырудағы – білім берудегі ұлттық мазмұн мен тәрбиені жоғары талаптарға сай ету, үздіксіз білім беру жүйесіне заманауи мүмкіндіктерді ендіре отырып, дамыған елдердің қатарынан көрінуге жаңаша пайымдау, ойлау, ізденіс, батылдық, өзгерістерге ұмтылуда сыни тұрғыдан өз-өзімізді бағалау қабілетімізді жетілдіре береміз.