«5 санына шапалақта» атты психологиялық ойындар өткізілді.
Дата: 2018-03-01 12:35:48
С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының «Балбөбек »шағын орталығында 1.02.2018ж. күні «Кім солай сөйлейді?» , «Кім сені шақырды тап», «5 санына шапалақта» атты психологиялық ойындар өткізілді. Ойынның негізгі мақсаты: Балалардың есту қабілеттерін дамытып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ойынға үш топтан 34 бала қатысты. Балалар өздері бұрыннан білетін жан-жануарлардың дауысын оңай келтірді. Кейбір жануарлардың атауын білгенімен, дауыстарын ажыратуда қиындықтар болды. «Кім сені шақырды» ойынында біреуі ортаға шығып көзін жұмды. Психолог көрсеткен бала ортада тұрған баланы шақырады. Таныса шеңберге тұрады, танымаса келесі ойыншыға кезек беріледі. «Бес санына
шапалақта» ойынында 5-ке дейін санап, «бес» деген кезде шапалақтау керек. Бұл ойынды екеулеп немесе топпен де ойнауға болады. Бұл ойындар балалардың қызығушылықтарын оятты. Үш топ та ойынға белсене қатысты. Өткізген Толеукулова Т.К.