Әбу-Дабиде «ЭКСПО-2017» таныстырылды

Дата: 2016-03-19 04:11:07
Әбу-Дабиде «ЭКСПО-2017» таныстырылды

Қазақстандық делегация Әбу-Даби қаласында Халықаралық жаңартылмалы энергия агенттігі (IRENA) ассамблеясының 6-шы сессиясы және «Орнықты даму аптасы» аясында өтетін 9-шы Дүниежүзілік болашақ энергиясы саммитінің жұмысына қатысуда.

ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, 21 қаңтарға дейін созылатын саммиттің негізгі міндеттері әлемнің энергетикалық түрлену жолдарын талқылау, болашақ энергияны қалыптастыру жөніндегі бірлескен шешімдерді өңдеу болып табылады.

ЭКСПО-2017 комиссары хатшылығы басшысының орынбасары Азамат Әбдірайымов атап өткендей, Қазақстанның аталмыш форумға қатысуының басты мақсаты елдің «жасыл» экономикаға өтуін көрсету және Әбу-Дабидегі саммит тақырыбымен үндесетін ЭКСПО «Болашақ энергиясы» тақырыбын қозғау болып табылады. А.Әбдірайымов Астанада өтетін көрмеге энергияның жаңартылған көздері саласындағы халықаралық қатысушылар мен әлеуетті әріптестерді тарту үшін қажетті алаң болатының атап өтті.

Сапар аясында IRENA Халықаралық жаңартылған энергия көздері агенттігінің атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Фарнаванимен, «DUBAI EXPO-2020» ұйымдастыру комитетінің вице-президенті, БАӘ Ұлттық кеңес медиасы бас директорының орынбасары Омар Шехадехпен және бірқатар елдердің энергетика министрлерімен екіжақты кездесулер өтті.

Автор: №7 МГ