2024 жылдың 9 сәуір күні Михаил Русаков атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалык «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қалалық кезеңі өтті.

Дата: 2024-04-10 14:38:09
2024 жылдың 9 сәуір күні Михаил Русаков атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалык «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қалалық кезеңі өтті.
Байқауға мектеп - гимназиямыздың оқушылары қатысып, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болды.
 
”Ілияс - эпик ақын” шығарманы жалғастыру номинациясы бойынша Райс Төле І орынға ие болды.
Жетекшісі: Сатыбалдина П.А.
 
”Жаз! Жаз! Қалам жорғалап” - жас ақындар номинациясы бойынша Қуаныш Нұрайлым 
І дәрежелі диплом иегері. 
Жетекшісі: Сатыбалдина П.А.
 
”Ілияс - қарасөз шебері” көркемсөз номинациясы бойынша Кошкаров Али І орынға ие болды.
Жетекшісі: Уалиева Ә.М.
 
”Заманның заңғар тұлғасы” буктрейлер номинациясы бойынша Тұрғанбек Ділназ ІІ орынмен марапатталды. Жетекшісі: Шәрбекова Г.Қ.
 
І орын алған оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды. 
Жеңістеріңіз құтты болсын!!!
Автор: №7 МГ