2025 жылдың 24 мамыр күні мектепте «Білім-Отаныма» тақырыбында сынып сағаты өтті.

2025 жылдың 24 мамыр күні мектепте «Білім-Отаныма» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: 2024-2025 оқу жылын қорытындылау, мемлекет дамуы үшін білімнің маңызын ашу; еңбекті құрметтеуге, білімге құштарлыққа тәрбиелеу. Сынып сағатында сынып жетекшілері білімнің әр адамның өміріндегі, қоғам дамуындағы маңызы туралы айтып өтті. Білімнің арқасында жетістіктерге жеткен көрнекті қазақстандықтардың мысалдары келтірілді. Оқушылар ел болашағындағы өз рөлін қалай көретіні және білімнің Отанының дамуына қалай үлес қосатыны туралы өз пікірлерімен бөлісті. Оқу жылының қорытындысы шығарылып, спорттық, сыныптық және мектепішілік іс-шараларда үздік оқушылар аталды.
Дата: 10.06.2025, 12:57 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі