Тәрбие жұмысының жоспары мен өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру іс-шаралары аясында мектебіміздің жоғары сынып оқушылары облыстық денсаулық сақтау мекемесіне қарасты

Тәрбие жұмысының жоспары мен өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру іс-шаралары аясында мектебіміздің жоғары сынып оқушылары облыстық денсаулық сақтау мекемесіне қарасты
Тәрбие жұмысының жоспары мен өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру іс-шаралары аясында мектебіміздің жоғары сынып оқушылары облыстық денсаулық сақтау мекемесіне қарасты Балқаш қалалық көпсалалы ауруханасының орталық клиникалық-практикалық ауруханасының жастар денсаулық кабинетінде болды. Жастар орталығының мамандары бірнеше мәселелерді талқылады:
1. Жасөспірімдік кезеңдегі қыз бала ағзасының даму ерекшеліктері.
2. Репродуктивті денсаулық негіздері. Әйелдер денсаулығына өмір салтының әсері.
3. Дұрыс тамақтану принциптері және оның денсаулықты қалыптастырудағы рөлі.
4. Алкоголь, темекі және есірткінің ағзаға зиянды әсері, әсіресе жасөспірімдік шақта.
5. Өз денсаулығына жауапкершілік және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Қыздар талқыланған тақырыптарға қызығушылық танытты. Әңгімелесу барысында гигиена мен денсаулықты сақтаудың практикалық аспектілеріне қатысты сұрақтар қойылды.
Дата: 10.06.2025, 10:55 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі