Жазғы кезеңде балалардың жарақаттануы мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында 31 мамырда мектепте қауіпсіздікті арттыруға, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған «Қауіпсіз жаз» атты сынып сағаттары өтті.
Жазғы кезеңде балалардың жарақаттануы мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында 31 мамырда мектепте қауіпсіздікті арттыруға, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған «Қауіпсіз жаз» атты сынып сағаттары өтті. Қауіпті жағдайлар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша түсіндірме әңгімелер өткізілді:
- табиғи ортада, оның ішінде суда, күн сәулесінің астында өзін-өзі ұстау ережелерін;
- өрт қауіпсіздігі ережелерін, оның ішінде ашық от жанындағы өзін-өзі ұстауды;
- жарақаттан қорғауды қамтамасыз ететін мінез-құлық ережелері, соның ішінде автокөлік және басқа көліктерді пайдалану;
- жол қозғалысына қатысушылардың мінез-құлық ережелері, оның ішінде велосипедті, роликті конькимен сырғанауды, мотороллерді пайдалану ережелерін;
- үйде, қоғамдық орындарда, көшеде бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста өзін-өзі қауіпсіз ұстау.
Дата: 12.06.2023, 9:46 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі