Алтын күз - ең жарқын және ең бояулы мезгілдердің бірі.

Алтын күз - ең жарқын және ең бояулы мезгілдердің бірі.
Алтын күз - ең жарқын және ең бояулы мезгілдердің бірі. Мектеп парламентінің «Мәдениет және білім» фракциясы «Күзгі аласапыран» бастапқы буынға арналған іс-шара өткізді. Шараның мақсаты: балалардың күз туралы білімдерін жүйелеу. Балаларды күз мезгілінің бейнелерімен таныстыру, қоршаған әлемнің әсемдігі туралы білімдерін қалыптастыру. Оқушылар жұмбақтарды тауып, күз туралы мақал-мәтелдер жинап, «Күз туралы әңгімелер», «Пародия», «Әнді тап» және т.б сайыстарға қатысты.
 Орта буын оқушылары «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» іскерлік ойынына қатысты. Мектеп оқушылары жағдаяттарды талдап, сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтап, сыбайлас жемқорлықты болдырмау ережелерін жасады.
 Жоғары сынып оқушылары «Кім жылдам», «Секіру», «Кім күшті» т.б спорттық сайыстарға қатысты.
Дата: 2.11.2022, 13:32 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі