ТЖ кезіндегі мінез-құлық қағидалары"
Балалардың қауіпсіздігін арттыру және АҚ және ТЖ мәселелері бойынша оқытудың нысандары мен әдістерін, қауіпті ТЖ қатері мен туындауы кезіндегі барабар іс - қимылдарды одан әрі жетілдіру, білім алушылардың жеке және қоғамдық қауіпсіздігі үшін жауапкершілігін тәрбиелеу, Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралар шеңберінде өскелең ұрпақтың ТЖ-да өз-өзіне және өзара көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру мақсатында сынып жетекшілерінің 1-9 сыныптар "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғалар жағдайындағы іс-қимылдар", "ТЖ кезіндегі мінез-құлық қағидалары"тақырыбы бойынша тақырыптық сынып сағаттарын өткізді. Оқушылар адамды қандай қауіп күтіп тұрғанын және өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін; "азаматтық қорғаныс" деген не және оның жарғыдағы негізгі функциялары туралы білді.