Қазақстан халқының Тілдері күні
5 қыркүйекте елімізде - Қазақстан халқының Тілдері күні атап өтіледі. 5 қыркүйек күні кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл - қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, ұлттық жазу реформаторы, түркітанушы, ақын және аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың туған күні. Бұл – Қазақстан халқын бірлік пен келісім идеясының айналасында біріктіретін өзара мәдени байытуға ықпал ететін мереке. Елімізде 85-тен астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. Әр тілдің өз тарихы, басқа тілдердің тағдырымен байланысты тағдыры бар. Тіл арқылы адамдар бір-бірін тауып, халықтың рухани мәдениетін, салт-дәстүрін түсінуге үйретеді.
Мектебімізде осы мерекеге орай салтанатты саптық жиын өткізіліп, оқушылар өткізілетін іс-шаралар жоспарымен танысты.
Дата: 2.09.2021, 12:40 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі