Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған іс –шара

Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған іс –шара

Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған іс –шаралар аясында Қазақстан Халықтарының мәдени мұрасы арқылы оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында мектепалды сынып тәрбиеленушілері Қоңырат ықшамауданының кітапханасына барды. Кітапханашы А. Сәрсекеева оқушыларды Қазақстанда тұратын түрлі халықтардың салт-дәстүрлерімен және мәдениетімен таныстырды, туған өлкенің табиғаты туралы жаңа кітаптарға шолу жасады және балаларды көбірек оқып, кітапханаға баруға шақырды. Балалар түрлі халықтардың ойындарына қуана қатысты. Сондай-ақ, оларға әр түрлі ұлттардың қуыршақтары мен табиғи материалдардан жасалған қолөнер көрмесі өте ұнады.

Дата: 29.04.2021, 15:36 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі