"Сергектік сусынын іздеу"
8-сынып оқушылары үшін жаратылыстану-ғылыми білім және үштілді білім беру апталығының екінші күні аясында химия бойынша "сергектік сусынын іздеу" квест ойыны өткізілді. Мақсатқа жету үшін оқушыларға тапсырмаларды кезең-кезеңімен орындау қажет болды. Тапсырмалар конверттерде болды және келесі тапсырманы орындағаннан кейін оқушыларға келесі конверттің орналасқан жері туралы хабарланды. Тапсырмалар химия және химиялық терминологияны ағылшын тілінде білуді талап етті. Тапсырмаларды тезірек орындаған балалар командасы мәреге жетіп, сергектік сусыны - алма шырынын тапты.
Дата: 13.04.2021, 13:39 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі