Сынып сағаттары
"Ғылым, техника, табиғат" атты жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту апталығы аясында ұлы ашылулар мен өнертабыстар туралы, Қазақстан ғалымдарының қызметі туралы білімді насихаттау, мектеп пәндерін ғылыми білімнің негізі ретінде оқуға деген қызығушылықты арттыру, өз елі, өз халқы үшін патриотизм мен мақтаныш сезімін тәрбиелеу арқылы ой-өрісін кеңейту мақсатында "Ғылымға қадамдар", "Ғалымдар туралы этюдтер" атты қарым-қатынас сағаттары өткізілді. Оқушылар био -, нанотехнологиялармен, медицинамен және қоғамдық қызметпен айналысатын Қазақстанның ғылыми жетістіктері мен Қазақстанның жас ғалымдары туралы білді.
Дата: 12.04.2021, 16:03 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі