"Жас эрудит"
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық және үштілді білім беру кіріктірілген апталығының бірінші күнінде 5-7 сынып оқушылары "Жас эрудит"зияткерлік ойындарына қатысты. Оқушылардың қызығушылығы мен ой-өрісін дамыту, география және биология пәндерінен негізгі материалдарды қайталау мақсатында өткізілген "Жас эрудит" интеллектуалдық ойынын география пәнінің мұғалімі А.С. Омарова және 11 сынып оқушылары дайындады. Балалар географиялық нысандарды қызығушылықпен тауып, планетаның әртүрлі бұрыштарындағы флора мен фаунаның ерекшеліктерін сипаттады. Бұл ойында ең білімді 7 сынып оқушысы Никулин Роман болды.
Дата: 12.04.2021, 15:42 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі