Оқу сауаттылығы
Оқу сауаттылығын дамыту апталығы аясында бастауыш буын үшін білімқұмарлықты, көркем әдебиетке қызығушылықты дамыту мақсатында "Сүйікті кітаптарымызды ашайық" іс-шаралары өткізілді. Бірінші сынып оқушылары "Ертегі мысықтары" викторинасына қатысты. Оқушылар ертегі мысығының сипаттамасы бойынша болжап, басты кейіпкерлерді атады және басқа балаларды осы ертегімен таныстырды. Ал 4-сынып оқушылары үшін "Ертегі кемпірқосақ" зияткерлік ойыны өткізілді. Оқушыларға "Мазмұны бойынша ертегіні тап", "Ертегі авторын ата", "Ертегінің атын смайлик бойынша тап" ойындарының бірнеше кезеңдері ұсынылды. Соңғы кезеңде ертегінің жұмбақтарын жинап, қысқаша мазмұнын айту керек болды. Ойын қорытындысы бойынша М.Захаров пен Э. Прокопова, Д. Калиева және А. Алдабеков жеңімпаз атанды.