Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар аясында

Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар аясында
Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар шеңберінде мектепте ақпараттық стенд рәсімделді, сондай-ақ оқушылардың мереке туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында, 
ел аумағында түрлі этностардың пайда болу тарихы, қазіргі заманғы көпэтносты қазақстандық қоғамның қалыптасу процесі туралы білімді кеңейту мақсатында мектепте "Үлкен ел – үлкен отбасы" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында оқушылар өлеңдер оқып, бауырластық сезіммен қабылдап, бүгінде Қазақстанда тұрып жатқан миллиондаған түрлі этностарға қамқорлық пен қонақжайлық көрсеткен қазақ жері мен халқына өз ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ ата-аналарына, мұғалімдеріне, достарына алғыстарын білдірді.
Дата: 1.03.2021, 15:10 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі