"Құқықтық навигатор"

"Құқықтық навигатор" құқықтық сауаттылық апталығы аясында жоғары сынып оқушыларының полиция аға лейтенанты А.А. Нұрбекпен кездесуі өтті , Аян Алтайұлы мектеп оқушыларына әкімшілік және қылмыстық кодекстің баптарын түсіндірді, әсіресе, былапыт сөйлеу, тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер мен темекі шегу, түнгі уақытта ата-аналары мен заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз кәмелетке толмағандардың болуы, телефон арқылы жалған қоңырау шалу, кәмелетке толмағандардың вандализмі, бұзақылық, тонау, төбелес үшін жауапкершілікке назар аударды.

Дата: 12.02.2021, 9:23 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі